Мемлекет басшысы Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтетін Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысатыны туралы бұған дейін Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлаған еді.
Кремль Қазақстан Президентінің бұл шешіміне ризашылық білдіріп, Мәскеуге жасайтын жұмыс сапарын достық қадам деп атады. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған.
«Мемлекеттер басшылары Ресей Президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жасайтын сапары қарсаңында стратегиялық ынтымақтастықтың басты мәселелерін талқылайды», - деп жазды Айбек Смадияров.