Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев Токио губернаторы Юрико Коикэмен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Токио губернаторы Юрико Коикэмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев Токио губернаторы Юрико Коикэмен кездесу өткізді
Ақорда

Олар Smart city технологияларын және қаланы орнықты дамыту, жасанды интеллект, шаһарды басқару ісіне инновациялық шешімдерді енгізу салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар мегаполистердің тұрғындары мен қонақтары үшін анағұрлым жайлы, экологиялық тұрғыдан таза, қауіпсіз және инклюзивті орта қалыптастыру жайын қарастырды. 

"Мемлекет басшысы қаланы басқару ісіне жасанды интеллектіні енгізу бойынша екі ел астаналары арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор екеніне тоқталды. Кездесуде Тоқаевқа Токио қаласының Smart city тұжырымдамасы таныстырылды", - деп жазды Ақорда.

Бұл жоба халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, шаһарды басқару тиімділігін арттырумен қатар орнықты даму үшін озық технологияларды пайдалануды көздейді.