Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

Айбек Смадияров Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды
Ақорда

Бұған дейін ол Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – Ресми өкілі лауазымын атқарды. 2018 жылдан бастап Смадияров Қазақстан СІМ баспасөз қызметінде жұмыс істеді, ведомствоның ресми өкілі болды.

2010 жылдары Қазақстанның Венгриядағы, Вьетнамдағы елшілігінде, СІМ Сыртқы саяси талдау және болжау комитетінде жұмыс істеді, Қазақстан Президенті баспасөз қызметінің сарапшысы болды.