Әсел Жанасова Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда
"Мемлекет басшысының жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Әсел Жанасова бұған дейін президенттің кеңесшісі болды.