Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісін тағайындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мағжан Ілиясовты Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісін тағайындады
Фото: Ақорда

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды", - деп хабарламада.

Ол Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Ол төрт тілді меңгерген және 2013-2016 жылдар аралығында президенттің кеңесшісі болған. Қазақстанның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі Ержан Ашықбаев сыртқы істер министрінің орынбасары болды.

Қыркүйек айында Тоқаев бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасап, Ермек Көшербаевты сыртқы істер министрі етіп тағайындады. Президент сонымен қатар әртүрлі елдердегі елшілерді ауыстырды.