Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев БАӘ қорғаныс министрімен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрі Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаев БАӘ қорғаныс министрімен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Фото: Ақорда

Кездесуде екі елдің қауіпсіздік және әскери білім беру салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

"Мемлекет басшысы Әмірліктердің қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктеріне тоқталды, сондай-ақ озық технология мен инновация бағытындағы тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне назар аударды", - деп жвзылған хабарламада. 

Президент Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін айтты. 

Қорғаныс министрі мемлекет басшысына БАӘ президенті Мұхамед бен Заид Әл Нахаянның және премьер-министр, Дубай әміршісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумның ізгі сәлемін жеткізді. Сондай-ақ бұл сапар әскери саладағы өзара ықпалдастықты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.