Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қазақстан Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтату жоспарын қолдайды - Тоқаев

Қазақстан АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға арналған жан-жақты бітімгерлік жоспарын қолдайды, деп хабарлады Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

Қазақстан Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтату жоспарын қолдайды - Тоқаев
© AFP 2024 / JOHN MACDOUGALL

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз бұл бастаманы Таяу Шығыстағы ахуалды реттеуге, мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтып, аталған аймақта бейбітшілік орнатуға бірегей мүмкіндік әрі маңызды қадам ретінде қарастыратынын мәлімдеді", - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтату жөніндегі 20 тармақтан тұратын жоспарын жариялаған болатын.

Құжат палестиналық ХАМАС қозғалысы мен "басқа топтар" Газаны басқаруға тікелей немесе жанама түрде қатыспауға келісулері керектігін қарастырады.

Сонымен қатар АҚШ Газа секторында шұғыл орналастыру үшін уақытша халықаралық тұрақтандыру күштерін құру бойынша араб және халықаралық серіктестермен ынтымақтастық орнатады. Құжатта арнайы экономикалық аймақ құру да қарастырылған, онда қатысушы елдерге жеңілдікті шарттар қолданылады.