Прямая трансляция

Астана

Астана

32.47°C

Балқашта көлігімен суға кірген жүргізуші қамауға алынды

Алматы облысындағы Балқаш көлінде шомылып жүрген адамдарға қарамастан көлігімен суға кірген жүргізуші 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды paryz.kz.

Балқашта көлігімен суға кірген жүргізуші қамауға алынды

Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасында хабарланғандай, полиция қызметкерлері Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Балқаш көлінің жағалауы мен суында көлік жүргізген 40 жастағы Mercedes-Benz жүргізушісін анықтады. Бұл уақытта мұнда адамдар, соның ішінде балалар демалып, шомылып жүрген.

"Ол өз әрекетімен айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген", - делінген хабарламада.

Құқық бұзушы Тараз қаласының тұрғыны болып шықты. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Автокөлік арнайы тұраққа қойылған.