Прямая трансляция

Астана

Астана

32.47°C

Талдықорғанда қалалық жағажайдан ер адамның мәйіті табылды

Талдықорғанда қалалық жағажайдан ер адамның денесі табылып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды paryz.kz.

Талдықорғанда қалалық жағажайдан ер адамның мәйіті табылды
Фото: istockphoto

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдегендей, қалалық жағажай аумағынан денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның мәйіті табылуына байланысты полиция қылмыстық іс қозғаған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция өңір тұрғындары мен қонақтарын су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

"Шомылу кезінде алкогольді ішімдік ішпеңіздер, жабдықталған және қауіпсіз аймақтардан тыс жерге жүзбеңіздер, сондай-ақ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар. Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыздар", – деп ескертті Жетісу облыстық ПД өкілдері.