Прямая трансляция

Астана

Астана

29.31°C

Щучинск - Астана тасжолындағы жантүршігерлік жол апатынан екі адам мерт болды

Ақмола облысында Щучинск - Астана тасжолындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды өңірлік ПД-ға сілтеме жасаған paryz.kz.

Щучинск - Астана тасжолындағы жантүршігерлік жол апатынан екі адам мерт болды
Фото: видиодан скриншот

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 28 шілдеде сағат 15:00 шамасында Астана - Петропавл автожолының 157-шақырымында, Бұланды ауданы аумағында Audi Q8 жеңіл көлігі мен MAN жүк көлігі соқтығысқан.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, Көкшетау бағытында келе жатқан Audi Q8 жүргізушісі жол жұмыстарын жүргізіп жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Audi Q8 жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Тағы бір жолаушы әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді", - деп хабарлады ведомстводан.

Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалған. Жол апатының мән-жайы мен себептері анықталуда.