Астанада нөсер жауып, жолдарды су басты, көліктер жүзіп жүр. Бұл сәттің видеосын тұрғындар әлеуметтік желілерде бөлісіп жатыр, деп хабарлайды paryz.kz.
Желіде тараған видеолардан кейбір жаяу жүргіншілердің су басқан тротуарлармен жүре алмай, ғимараттардың қоршауынан ұстап өтіп жатқанын байқауға болады. Дегенмен, кейбір қала тұрғындары аптап ыстықтан кейін жауған жаңбырға қуанып жатыр.
Ал кейбір елордалықтар нөсер кезінде жауған бұршақты видеоға түсіріп үлгерген. Кейбір кадрлардан су басқан жолдарда тек жеңіл көліктер емес, қоғамдық көліктердің де қозғалысы қиындағанын көруге болады. Автобустарға су басқан жолдармен жүруге тура келуде.