Прямая трансляция

Астана

Астана

21.65°C

Көкшетауда бозбала тоқ соғып көз жұмды

Көкшетауда 18 жастағы бозбала тоқ соғып қайтыс болды, деп хабарлайды paryz.kz.

Көкшетауда бозбала тоқ соғып көз жұмды
Фото: sputnik.kz

Қайғылы оқиға 22 шілдеде болған. 18 және 17 жастағы екі жігіт металмен жұмыс істеп жатқанда тоқ соққан. Жұмыс кезінде қатты жел соғып, металл электр желісіне құлаған. Салдарынан екі бозбаланы тоқ соққан.

"22 шілдеде 103 желісіне электр жарақатына байланысты қоңырау түсті. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2008 жылы туған жас жігітті электр тоғы соққан. Жедел жәрдем бригадасы келгенде жігіт қайтыс болған", - дейді Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасында.

Ал оқиға орнында бірге болған 17 жастағы бозбала аман, ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның өміріне қауіп жоқ дейді.