Прямая трансляция

Астана

Астана

20.09°C

Оралда полицейлер суға кеткен алты күшікті құтқарып қалды

Оралда полицейлер қырағы жасөспірімдердің арқасында суға кеткен алты күшікті құтқарып қалды, деп хабарлайды paryz.kz.

Оралда полицейлер суға кеткен алты күшікті құтқарып қалды
Фото: видиодан скриншот

Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасында жарияланған мәлімет бойынша, Орал қаласындағы саябақтардың бірінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне екі жасөспірім қыз жүгінген.

Олар суда кішкентай күшіктердің қалып қойғанын айтқан. Оқиға орнына полиция қызметкері Жохар Ертаев пен тағылымдамадан өтуші Өрлен Ожанов жедел жеткен.

Полицейлер жағдайды бағалап, күшіктерді судан алып шыққан. Жасөспірімдердің қырағылығы мен полиция қызметкерлерінің үйлесімді әрекетінің арқасында алты күшік те аман қалған.

Полиция азаматтардың дер кезінде хабарлауы мен өзара жанашырлығы түрлі оқиғаларға жедел әрекет етуге және олардың салдарының алдын алуға мүмкіндік беретінін еске салады.