Прямая трансляция

Астана

Астана

18.49°C

Алматы маңында жер сілкінісі болды

Бүгін, 20 шілдеде сағат 02:40-та Қырғызстанда қарқындылығы 5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматы маңында жер сілкінісі болды
Фото: istockphoto

Бұл туралы Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институты хабарлады. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шамамен 193 шақырым жерде орналасқан. Қазақстандағы Android смартфондарының иелері жергілікті уақыт бойынша сағат 01:41-де Google-дан автоматты ескерту алды.

Қырғызстан мамандарының мәліметінше, жерасты дүмпулері Оттук ауылынан 5 шақырым және Нарын қаласынан 31 шақырым жерде тіркелген. Елді мекендердегі жер сілкінісінің қарқындылығы: Оттук, Казан-Куйган ауылдарында - шамамен 5 балл; Джерге-Тал, Кызыл-Жылдыз, Эчки-Баши, Эмгекчил ауылдарында - 4 балл; Куйбышева, Шоро, 8 Марта, Ак-Талаа, Достук, Джан-Булак, Мин-Булак, Джалгыз-Терек, Орто-Саз, Ак-Кыя, Орто-Нура, Кенеш ауылдарында - 3,5 балл; Нарын қаласында - 3 балл. 

Екі елдегі ықтимал қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет нақтыланып жатыр. Тұрғындарға сабыр сақтап, тек төтенше жағдайлар қызметтерінің хабарламаларына сүйену ұсынылды.