Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Деректер орталығының мәліметінше, жер асты дүмпулері 2026 жылғы 18 шілдеде Астана уақытымен сағат 02:09-да тіркелген.
Жер сілкінісінің эпицентрі екі елдің шекаралас аймағында, Павлодар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 200 шақырым жерде орналасқан. Эпицентрдің координаттары – солтүстік ендіктің 53,36 градусы және шығыс бойлығының 77,96 градусы, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 18 шілде күні таңертең сейсмологтар тағы бір жер сілкінісін тіркеді. Бұл жолы оның эпицентрі Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 10:47-де болған. Екі жер сілкінісінің де Қазақстан аумағында сезілгені, сондай-ақ зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.