Прямая трансляция

Астана

Астана

34.1°C

Таиландтағы өрттен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма? – ҚР СІМ жауабы

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қазіргі уақытта Таиландта зардап шеккен ҚР азаматтары туралы ресми ақпарат түспегенін мәлімдеді.

Таиландтағы өрттен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма? – ҚР СІМ жауабы
Фото: Baq.kz.

Ведомствоның нақтылауынша, Таиландтың құзырлы органдары тиісті мәліметтерді жолдамаған. Сондай-ақ қазақстандықтар ҚР-ның Бангкоктағы Елшілігіне көмек сұрап жүгінбеген.

Еске сала кетейік, дүйсенбіге қараған түні Бангкоктың солтүстігіндегі танымал барлардың бірінде ірі өрт шықты. Таиланд билігінің мәліметінше, кем дегенде 27 адам қаза тауып, тағы 63 адам түрлі жарақат алған.

Өрт Чатучак ауданында болған. Өртсөндірушілер жалынды шамамен 30 минут ішінде ауыздықтап, толық өшірді. Тілсіз жаудың салдарынан ғимараттың төбесі ішінара құлаған.