Алматыдағы дәмханалардың бірінде ер адамға пышақпен шабуыл жасалған. Ол мойнынан жарақаттанған. Полиция күдіктіні ұстады, деп хабарлайды sadaq.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция департаментінің мәліметінше, Алматыдағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде болған жанжал ауыр зардаппен аяқталды. Мойнынан пышақ жарақатын алған 45 жастағы ер адам ауруханаға жеткізіліп, шұғыл ота жасалды.
Тергеудің алдын ала нұсқасына сәйкес, қылмыс бұрыннан таныс адамдар арасында кенеттен туындаған сөзталас кезінде жасалған. Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні "ізін суытпай" ұстады.
Ол – 32 жастағы ер адам. Болжам бойынша қылмыс құралы ретінде пышақ тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.