Прямая трансляция

Астана

Астана

27.8°C

Маңғыстау облысында теміржол вокзалының 43 жастағы қызметкері жұмыс орнында көз жұмды

Маңғыстау облысында теміржол вокзалының 43 жастағы қызметкері жұмыс орнында қайтыс болды. Оның денесін станция басшысы тауып алған, деп хабарлайды paryz.kz магистральдық желі дирекциясына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында теміржол вокзалының 43 жастағы қызметкері жұмыс орнында көз жұмды
Фото: pexels

Желі дирекциясының баспасөз қызметі өкілдерінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, 5 шілдеде шамамен сағат 09:10-да магистральдық желінің Маңғыстау бөлімшесі №13 кірме жолының станция бастығы 1983 жылы туған кірме жол кезекшісін жұмыс орнында ес-түссіз жатқан жерінен тапты. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы мен аудандық полиция басқармасының қызметкерлері шақырылды.

Жедел жәрдем бригадасы ер адамның қайтыс болғанын растады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті тергеп-тексеру жүргізуде", - деді ведомство өкілдері.