Прямая трансляция

Астана

Астана

22.12°C

Алматыдағы 19 жастағы қызды ағаш басып қалды

Алматыда Баум тоғайында бойжеткенді ағаш басып, зардап шекті, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматыдағы 19 жастағы қызды ағаш басып қалды
Alerce milenario

Оқиға туралы әлеуметтік желіде жазылды. Бойжеткен анасы және сіңілісімен тоғайда серуендеп жүрген. Сол сәт қураған зәулім ағаш құлап қызды басып қалған. Алайда сол күні жел де, жауын да болмаған. Желіде қыздың ауруханада ес-түссіз жатқаны туралы жазылған. Полиция қылмыстық іс қозғады.

"Баум тоғайының аумағында ағаш құлап, салдарынан қыздың жарақат алу дерегі бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр", - дейді Алматы қаласының полиция департаментінде.

Қажетті сот сараптамалары жасалып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады, дейді полицияда.