Павлодар облысында "Казавиаспас" АҚ МИ-8 АМТ тікұшағы апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасаған paryz.kz.
Ведомство дерегінше, 2026 жылғы 24 маусымда Павлодар облысы Заря елді мекенінде МИ-8 АМТ әуе кемесі апатты жағдайда қонды.
"Казавиаспас" АҚ қолданысындағы тікұшақтың тіркеу нөмірі UP- MI872. Тікұшақ жоғалған адамды іздеу үшін іздеу-құтқару жұмыстарын атқару мақсатында ұшып шыққан. Тікұшақ бортында 13 адам болған, оның ішінде экипаждың 5 мүшесі және 8 жолаушы.
Оқиғадан ешкім қайтыс болғанда жоқ. Қазіргі таңда зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.
"ҚР Инвестициялар мен даму жөніндегі министрдің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 505 бұйрығымен бекітілген Әуе апаттары мен оқиғаларын зерттеу және деректерді ұсына ережелеріне сай, бұл жайт оқиғасы адам шығыны жоқ әуе апаты ретінде жіктеліп, Көлік министрлігінің Көліктегі апаттар мен оқиғаларды зерттеу жөніндегі департаментінің қарауына беріледі. Қазіргі таңда департамент қызметкерлері нақты ақпарат жинау мақсатында тексеру кезеңін жүргізу бойынша жұмыстарды тастап кетті", - делінген ведомство хабарламасында.