Өскеменде қоғамдық көлік аялдамасынан 66 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
Ведомство мәліметінше, сағат 06:45-те «102» арнасына жедел жәрдем бригадасынан Абай және Шәкәрім көшелерінің қиылысында орналасқан аялдамада жансыз ер адамның жатқаны туралы хабарлама түскен.
«Қайтыс болған адамның 66 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Алдын ала ақпарат бойынша, өлімге жүрек жеткіліксіздігі себеп болған. Ол медицина қызметкерлері жеткенге дейін көз жұмған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.