Прямая трансляция

Астана

Астана

34.32°C

Контент үшін жол ережесін бұзған алматылық жазаланды

Алматы қаласының полициясы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, өз әрекеттерін әлеуметтік желілерде жариялаған жүргізушіге қатысты заң аясында шара қабылдады, деп хабарлайды paryz.kz.

Контент үшін жол ережесін бұзған алматылық жазаланды
Фото: видиодан скриншот

Интернетте жүргізілген мониторинг барысында Toyota автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимін қасақана асыра отырып, бұл әрекеттерін бейнежазбаға түсіргені анықталды. Сондай-ақ көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі салонында орналасқаны белгілі болды.

Құқық бұзушының жеке басы жедел түрде анықталды. Ол – Алматы қаласының 20 жастағы тұрғыны. Жүргізуші көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқарғаны және арнайы жарық-сигнал беру құрылғысын заңсыз орнатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өрескел құқық бұзушылықтарды әлеуметтік желілер үшін «контентке» айналдыру әрекеттері – қоғам қауіпсіздігіне қатер төндіретін және жол беруге болмайтын үрдіс. Полиция мұндай заңсыз әрекеттерге қатаң тосқауыл қойылатынын ескертеді, - дейді полицейлер.

Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың әрбір дерегі анықталып, кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес толық көлемде жауапкершілікке тартылатынын ескертті.