Атырау қаласындағы Амандосов көшесі бойында автобус жол апатына түсті, деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаменті.
Оқиға 22 маусымда сағат 08:00 шамасында болған.
"Yutong" маркалы қоғамдық автокөлігінің тежегіш жүйесі істен шығып, жол жиегінде тоқтап тұрған
"Yutong" маркалы қоғамдық автокөлігіне соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 6 жолаушы зардап шекті", - дейді полцияда.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Полиция жүргізушілерге көліктің техникалық жағдайына мұқият болып, жол қауіпсіздігі талаптарын сақтауды ескертеді.