Прямая трансляция

Астана

Астана

27.41°C

Жетісу облысында ер адамды әйелі пышақтап өлтірді

Жетісу облысы Текелі қаласында ер адамды пышақтап өлтірді, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Жетісу облысында ер адамды әйелі пышақтап өлтірді
Фото: istockphoto

10 маусымда түнде Текелі қаласындағы үйлердің бірінде 45 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалды.

"Ерлі-зайыптылар алкогольдік ішімдікті бірге ішу кезінде ер адам пышақ жарақатын алған. Сотқа дейінгі тергеу барысы бақылауда және прокуратура органдарының келісімі бойынша жүзеге асырылады", - дейді полиция.

Қазіргі уақытта күдікті Талдықорған қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.