Прямая трансляция

Астана

Астана

27°C

Ақтөбеде қоқыстан нәресте табылды

Ақтөбеде қоқыстан жаңа туған нәресте табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Ақтөбеде қоқыстан нәресте табылды
bingngu93

Оқиға 23 мамырда болған

"Ақтөбе қаласында жаңа туған сәби салынған пакет табылды. Нәресте полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында дер кезінде медициналық мекемеге жеткізілді", - дейді полиция. Қазіргі уақытта нәресте дәрігерлердің бақылауында.

Ал полиция қылмыстық іс қозғап, баланың анасын іздестіріп жатыр.