Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

Ақтауда полиция көлігі бір жастан асқан баланы қағып кетті

Ақтауда бір жарым жастағы бүлдіршінді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Маңғыстау облысының полиция департаменті.

Ақтауда полиция көлігі бір жастан асқан баланы қағып кетті
Фото: Ақмола обл. ПД

Қайғылы оқиға 13 мамыр күні 27-шағын ауданда болған. Полицияның қызметтік автокөлігі бүлдіршінді қағып кеткен.

"Оқиға салдарынан бала көз жұмды. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды, - дейді полицияда.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Баланың отбасына көңіл айтқан Маңғыстау облысы полиция департаментінің басшылығы бұл оқиғаны ерекше бақылауға алдық дейді.