Астанадағы көпқабатты үйдің ауласында сәбиді көлік басып кетті. Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Полиция мәліметінше, 3 мамыр күні "Kia Seltos" жүргізушісі жолға жүгіріп шыққан бүлдіршінді қағып кеткен.
Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция жүргізушілерге аулалар мен оған іргелес орналасқан аумақтарда қозғалыс кезінде аса мұқият болуды ескертеді