"Астана-Атбасар-Жақсы" автожолында жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Ақмола облыстық полиция департаменті.
Жол апаты 1 мамырында болған.
"Lada Granta" және "DAF XF 480 FT" маркалы автокөліктері жол апатына түсті. Салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды", - деп жазылған полиция хабарламасында.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.