Прямая трансляция

Астана

Астана

13°C

Қостанай облысында отбасылық жанжалдан жасөспірім қаза тапты

Қостанай облысының Жітіқара қаласында тұрмыстық жанжал салдарынан 15 жастағы жасөспірім қаза тауып, анасы жарақат алды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қостанай облысында отбасылық жанжалдан жасөспірім қаза тапты
Фото: istockphoto

Қайғылы оқиға 25 сәуір күні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал кезінде 37 жастағы әйел пышақ жарақатын алған.

Анасын қорғауға тырысқан 15 жастағы ұлы да жараланып, алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Аталған дерек бойынша «адам өлтіру» және «адам өлтіруге оқталу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 – Күдікті оқиға орнында ізін суытпай ұсталды. Ол – зардап шеккен әйелдің жұбайы, – деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.