Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

Талдықорғанда ер адам әйелді пышақтап өлтірді

Талдықорғандағы асханалардың бірінде ер адам әйелді пышақтап кетті. Жәбірленуші ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Талдықорғанда ер адам әйелді пышақтап өлтірді
Фото: istockphoto

"Алдын ала мәліметке сәйкес, тұрмыстық жанжал барысында күдікті жәбірленушіге пышақ жарақаттарын салған. Ол ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - дейді Жетісу облыстық полиция департаменті.

Қылмыстық іс "адам өлтіру" фактісі бойынша қозғалды. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, марқұм әйелдің жасы 34-те, ал күдікті 36 жаста. Екеуінің арасында телефон арқылы жанжал болған.

Ашуға булыққан ер адам әйелге барып, кеуде тұсынан 4-5 жерден пышақ салған. Айта кетері, күдікті бұған дейін де денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін және ұрлық жасағаны үшін істі болған