Қордай ауданында екі тоғызыншы сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсады. Олардың мәйіті қорадан табылған
Жамбыл облысының Полиция департаменті оқиғаның 15 сәуір күні таңғы сағат 06:00-де Қаракемер ауылында болғанын мәлімдеді. ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, – деді ведомствоның баспасөз қызметі.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.