Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Қостанай облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды

Қостанай облысындағы тас жолда болған жол апаты төрт адамның өмірін қиды.

Қостанай облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды
Фото: НГ

Облыстық полиция департаментінде ақпаратты растап, қайғылы оқиға "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тас жолында болғанын хабарлады.

Жол апаты және Mercedes-Benz көлігі мен VAZ 2107 көлігінің қатысуымен болған.

"Адам өліміне әкеп соққан апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала ақпарат бойынша, Mercedes-Benz 200 жүргізушісі қарсы қозғалыс жолына шығып кетіп, бетпе-бет соқтығысқан. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полицияда.

Сондай-ақ департамент жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда аса сақ болуға шақырады.