Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында 21 жастағы жігітті атып кетті, деп хабарлайды обблыстық полиция департаменті.
Оқиға 8 сәуірде болған.
"Полиция кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Екі күдікті анықталып, дереу ұсталды. Қару тәркіленді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полицияда.
Полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы науқас ауыр жағлайда жеткізілгенін айтады.
Бүгін санавиациямен облыс орталығы Өскеменге жеткізілген. Жағдайы тұрақты ауыр.