Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды

Қарағандыда Chevrolet көлігінің жүргізушісі айналма жолда бағанаға соғылып, жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: видиодан скриншот

Әлеуметтік желілерде Шығыс айналма жолында болған жол-көлік оқиғасының видеосы тарады. Кадрларда жеңіл көліктің жол жиегіндегі бағанаға қапталымен соғылғаны байқалады.

Соққы салдарынан көлікке айтарлықтай зақым келген. Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 12 наурыз күні шамамен сағат 11:20-да тіркелген.

Алдын ала деректерге сәйкес, Chevrolet Cobalt автокөлігін басқарған 26 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, жолдың оң жақ жиегінде тұрған бағанаға соғылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші медициналық мекемеге жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – делінген хабарламада.