Таразда оқушыны қатарластары аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлайды Paryz.kz.
Оқиға туралы оқушының анасы әлеуметтік желіде жазды. №51 мектептің 9-сынып оқушысын көшеде жеті қыз аяусыз ұрып-соққан.
Анасының айтуынша, соққы жеген қыз екі күн жансақтау бөлімінде жатқан.
"Оқиғаның бейнежазбалары болғанына қарамастан, күдіктілер әлі де бостандықта жүр", - дейді оқушының анасы.
Оқушыға жәбір көрсеткендер полицияға жеткізіліп, қылмыстық іс қозғалған.
"Олардың ата-аналары кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Жасөспірімдер профилактикалық есепке қойылды", - дейді Жамбыл облысының полиция департаменті.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.