Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Шымкентте бір подъезде төрт адам қаза тапты

Шымкент қаласының Студенттік қалашық шағын ауданында бір подъездегі үш пәтерден төрт адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Paryz.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Шымкентте бір подъезде төрт адам қаза тапты
Фото: видиодан скриншот

Алдын ала болжам бойынша, тұрғындар газдан уланған болуы мүмкін. Қайғылы жағдай күндіз анықталған.

Алдымен үшінші қабаттағы жалдамалы пәтерден 20 жастағы студент қыздың денесі табылған. Пәтер иесі ванна бөлмесінің есігі жабық тұрғанын байқап, ішке кірген кезде қыздың жуыну барысында жан тапсырғанын көрген.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бұдан кейін учаскелік инспектор шақырылып, подъезд тұрғындары сыртқа шығарылған. 

Құтқарушылар басқа пәтерлердің есігін ашып, тағы үш адамның мәйітін анықтаған. Көршілердің сөзінше, бір пәтерден 31 жастағы әйел мен 16 жастағы жасөспірім қыз өлі табылған. 

Екінші қабаттағы тағы бір пәтерден 23 жастағы жігіттің денесі шыққан. Тұрғындар бірнеше күн бойы подъезде газдың иісі сезілгенін айтады. Алайда нақты шара қолданылмаған көрінеді. Қазір ресми органдар газдан улану нұсқасын тексеріп жатыр. 

Полиция «адам өліміне әкеліп соққан қызмет көрсету» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның нақты себептері анықталуда.