Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Бөлшектеп тастаған»: Астана маңындағы ауылда бір отбасы мүшелерін қатыгездікпен өлтіріп кетті

Ақмола облысының Полиция департаменті Астанаға жақын орналасқан Жібек жолы ауылында болған отбасы мүшелерінің қатыгездікпен өлтірілуі туралы тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды  Paryz.kz tengrinews.kz сайтына сілтеп.

«Бөлшектеп тастаған»: Астана маңындағы ауылда бір отбасы мүшелерін қатыгездікпен өлтіріп кетті
Фото: tengrinews

Мессенджерлерде бір отбасының бірнеше мүшесі қаза тапқаны жөнінде үрейлі хабарлама тарап жатыр. Кей деректерде қылмысты ауыл тұрғыны жасаған болуы мүмкін екені айтылады.

Полицияның мәліметінше, Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы ауылында адам өлтіру фактісі бойынша күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында», – деп хабарлады ведомство. 

Қаза тапқандар саны нақтыланып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс істеуде. Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс болған үй орналасқан көше қоршауға алынған, бөгде адамдар кіргізілмей жатыр.