Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Астанада балалар лифт ішінде қалып қойды

ТЖМ құтқарушылары лифт ішінде қалып қойған балаларға көмектесті, деп хабарлайды paryz.kz.

Астанада балалар лифт ішінде қалып қойды
Фото: Baq.kz.

Астана қаласының 112 қызметіне Сарыарқа ауданы Ш.Қосшығұлұлы көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің бірінің лифт ішінде балалар қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Шақырту орнына келген ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары механикаландырылмаған қол құралының көмегімен кабинаның есігін ашып, іште қалған 2016 және 2022 жылы туған екі баланы шығарды, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.