Прямая трансляция

Астана

Астана

-20.03°C

Бурабайда квадроциклмен ағашқа соғылған қыз көз жұмды

Бурабайға демалуға барып, квадроциклмен ағашқа соғылған қыз көз жұмды, деп хабарлайды Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Бурабайда квадроциклмен ағашқа соғылған қыз көз жұмды
Фото: видиодан скриншот

"Науқас комада болды. 23 ақпанда таңертең қайтыс болды", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Еске сала кетейік, 26 жастағы қыз квадроциклмен ағашқа соғылып, ауыр жарақат алған. Ол 14 ақпанда ауруханаға жатқызылды.

Науқастың жағдайы өте ауыр болғандықтан дәрігерлер ота да жасай алмаған. Ал полиция демалыс аймағындағы барлық техниканы тексеруге кіріскен.