Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

«Жеті күн бойы іші ауырған»: Шымкентте 8 жасар баланың асқазанына шаш ұйысып қалған

Шымкент қаласының клиникалық ауруханасындағы дәрігерлер 8 жасар баланың ішінен үлкен көлемде шаш алған, деп хабарлайды Paryz.kz

«Жеті күн бойы іші ауырған»: Шымкентте 8 жасар баланың асқазанына шаш ұйысып қалған
Фото: ТЖМ

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, баланы дәрігерге әжесі ертіп келіпті.

«Әжесінің айтуынша, бала соңғы бірнеше күннің ішінде тамақ іше алмаған. Жеті күн бойы іші ауырып, құсқан. Дәрігерлер тексере келе баланың асқазанынан үлкен шаш алған», - деп хабарлайды басқарма.