Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматыда әуе кеңістігі жабылды деген ақпарат рас па

Әлеуметтік желілерде «әскерилердің қимыл-әрекеттеріне байланысты Алматының әуе кеңістігі жабылып, әскери жағдай енгізілді» деген ақпарат тарады.

Алматыда әуе кеңістігі жабылды деген ақпарат рас па
Фото: Қорғаныс министрлігі

Алайда Қорғаныс министрлігі бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады. Ведомство Алматының әуе кеңістігіне ешқандай шектеу енгізілмегенін мәлімдеді.

«Әуе кеңістігін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес уәкілетті органдар арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік желілерде таралған ақпараттың жалған екенін естеріңізге саламыз», — делінген хабарламада.