Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 12 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 11:44-те тіркелді, деп хабарлайды paryz.kz.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 46 шақырым, Талғар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 шақырым жерде орналасқан.
Жер асты дүмпулерінің магнитудасы 2,9 болды. ТЖМ Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының хабарлауынша, жер сілкінісінің магнитудасы 4,0-ге жеткен.
Қазақстан аумағында жер асты дүмпулері сезілмеген. Еске салайық, 5 қаңтар күні Жамбыл және Алматы облыстарының шекарасында жер сілкінісі болған еді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Отар ауылынан солтүстікке қарай 30 шақырым жерде орналасқан. Ол кездегі жер сілкінісінің магнитудасы 3,7 болған.