Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қызылорда тұрғыны екі көршісін пышақтап өлтірді

Қызылордада 8 қаңтарға қараған түні пышақ жарақаты салдарынан қала тұрғыны мен оның 34 жастағы қызы көз жұмды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Қызылорда тұрғыны екі көршісін пышақтап өлтірді
Фото: видиодан скриншот

Оқиға туралы полицияға қаза тапқандардың көршілері хабарлаған.

"Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция экипажы күдіктіні қылмыс орнында ұстады. Ұсталған азамат – жәбірленушілердің көршісі", - деп жазылған хабарламада.

Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.