Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Астанада оқушының телефонын ұрлаған шетел азаматы ұсталды

Астана қаласында полицейлер мектеп оқушысынан телефон ұрлаған қалта ұрысын ұстады, деп хабарлайды paryz.kz.

Астанада оқушының телефонын ұрлаған шетел азаматы ұсталды
Фото: видиодан скриншот

Анықталғандай, оқиға мектеп оқушысы сабақтан кейін үйіне қайтып келе жатқан кезде болған.

Автобусқа мінген кезде оқушы адамдар көп жиналған ортада қалған. Сол кезде жанында тұрған күдікті өзін де көлікке мінгелі жатқандай көрсетіп, қыз баланың күртесінің қалтасынан Vivo маркалы ұялы телефонын білдіртпей алып, оқиға орнынан ізін суытқан.

«Телефонның жоғалғанын қыз автобустан түсер кезде ғана байқаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын сотты болған 29 жастағы шетел азаматын анықтап, ұстады. Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.