Түркістан облысында полицейлер 8,5 миллион теңге көлеміндегі пәтер ұрлығын ашты, деп жазады paryz.kz.
Полицияға облыс тұрғыны үйінен алтын әшекейлер мен ақшаның жоғалғаны туралы арызбен жүгінген.
Оқиға бойынша жедел-тергеу тобы құрылып, тексеру барысында күдікті ретінде жәбірленушінің келіні ұсталған.
Тергеу мәліметінше, келін мамыр айынан бері енесінің үйінен алтын бұйымдар мен қолма-қол ақшаны ұрлап отырған.
Келтірілген жалпы материалдық шығын 8,5 миллион теңгені құрайды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.