Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Павлодар - Омбы тас жолында екі көліктің жүргізушісі қаза тапты

Павлодар облысында бетпе-бет соқтығысқан екі көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды paryz.kz.

Павлодар - Омбы тас жолында екі көліктің жүргізушісі қаза тапты
Фото: әлеуметтік желіден

Облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы жол апаты бүгін

"Павлодар-Омбы" тас жолында Бобровка ауылына жақын жерде болған. "Toyota Vitz маркалы көліктің жүргізушісі көктайғақта рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы жолағына шығып кеткен.

Сол жерде Hyundai Accent-пен бетпе-бет соқтығысқан. Екі жүргізуші оқиға орнында қаза тауып, бір жолаушы ауруханаға жеткізілді", - дейді полицейлер. Қазіргі кезде жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу кезінде оқиғаның мән-жайы анықталады.