Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Жұмыстан келе жатқан қызды зорлап, өлтірген қаскөй өмір бойына сотталды

Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызды зорлап, өлтіріп кеткен қаскөй өмір бойынабас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Жоғарғы сот.

Жұмыстан келе жатқан қызды зорлап, өлтірген қаскөй өмір бойына сотталды
Фото: sputnik.kz

Соттың мәліметінше сотталушы 2025 жылдың 6 маусымында сағат 00:30 шамасында жұмыстан үйіне қайтып келе жатқан дүкен сатушысына тап берген.

"Ол оны зорлап, басқа да жыныстық зорлық-зомбылық жасаған, содан кейін жәбірленушіні қасақана тұншықтырып өлтірген", - деп жазылған хабарламада. 

Сотталушының кінәсі сараптама қорытындыларымен, бейнематериалдармен және қылмыстық істегі басқа материалдармен толық дәлелденді.

Сот үкімімен ол өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сотталушыдан жәбірленушінің өкіліне моральдық шығын ретінде 50 млн теңге өндіріп алынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.