Батыс Қазақстан облысы су мұнарасы құлады, деп хабарлайды paryz.kz.
Оқиға 14 желтоқсанда Бөкей ордасы ауданы Сайхин ауылында болды. Ауыл тұрғындары бір күн бойы сусыз және электр жарығынсыз қалғанын айтқан.
Бұл туралы әлеуметтік желіде тарады. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылып, ауылдан шығу мүмкін болмай қалған. Облыс әкімдігі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
"Сумен жабдықтау басқа екі су мұнарасы арқылы төмен қысыммен беріліп жатыр. Автожолдарда қалған адамдар жақын маңдағы елді мекендерде уақытша орналасады. Сондай-ақ электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық әкімдігі.