Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Батыс Қазақстанда үш адам үсіп өлді

Батыс Қазақстан облысында үш адам үсіп қайтыс болды, деп хабарлайды paryz.kz.

Батыс Қазақстанда үш адам үсіп өлді
Фото: sputnik.kz

Құтқарушылар далада қатып қалған үш адамның мәйітін тапты.

"Бұл Жәнібек ауданының 56 жастағы тұрғыны және Бөкей ордасы ауданының 25 жастағы тұрғыны. Олардың қайтыс болғаны туралы бұрын хабарлаған болатынбыз. Бүгін түске таман Казталов ауданының 35 жастағы тұрғыны өлі күйінде табылды", - деді облыстық полиция департаментінде.

Ақжайық ауданының 54 жастағы тұрғыны тірі табылды, алайда аяғы үсіп қалған. Ол Оралдағы ауруханаға жеткізілді. Жәнібек ауданының 59 жастағы тұрғынын іздеу жалғасып жатыр. Ол 13 желтоқсан сенбіде қарлы боранда қыстаудан мал іздеуге кетіп, қайтып оралмаған