Түркістан облысы Отырар ауданында мақта зауытынан өрт шықты, деп хабарлайды paryz.kz.
2025 жылы 14 желтоқсан күні сағат 03:57–де Отырар ауданы, Темір ауылында мақта пунктінің ашық аумағында ауданы 360 шаршы метр аумақта жиналған мақта жанды.
Жалпы салмағы — 260 тонна. Қоймада жалпы 4500 тонна мақта сақталған. Өрт сөндірушілер 4240 тонна мақтаның жануына жол бермеді. Өрт сағат 06:54–те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның шығу себебі анықталып жатыр, — делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.
Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінен — 30 жеке құрам, 7 техника, ауыл құтқарушыларынан — 3 адам, 1 техника, орман шаруашылығынан — 3 адам, 1 техника және жергілікті атқарушы органнан — 15 адам, 4 су тасушы техника жұмылдырылды.